Сауд Арабиясының Қорғаныс және қауіпсіздік министрлігі нысанаға алынды
Маусым 23, 2020 21:33 Asia/Almaty
Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы Сауд Арабиясына жасалған шабуылдың егжей-тегжейін мәлімдеді.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, генерал Яхия Сари сейсенбі күні: «Йемен қарулы күштері бүгін таңертең Сауд Арабиясысының астанасына қарсы «төртінші тежеуіш әрекет» деп аталған шабуыл жасады. Бұл әрекет кезінде йемендік қарулы күштер Қорғаныс және қауіпсіздік министрлігі мен «Салман» әуе базасын және Рияд, Джизан және Наджрандағы кейбір әскери позицияларды нысанаға алды. Бұл шабуыл көптеген баллистикалық зымырандар және «Құдс» пен «Золфақор» сынды қанатты зымырандар және ұшқышсыз ұшақтармен іске асырылды»,- деді.
Тегтер