Тель-Авивте Нетаньяхуға қарсы шеру өтті
Маусым 28, 2020 18:40 Asia/Almaty
Басып алынған Палестинаның мыңдаған тұрғыны сенбі күні Тель-Авивте сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың қаржы жемқорлығына наразылық ретінде шеру өтті.
ИИР Телерадио бірлестігінің ақпарат агентігінің хабарлауынша, наразылар Нетаньяхудың үйінің алдына жиналып, оның қызметтен кетуін талап етті.
Наразылар сионистік режимнің Премьер-министрін «Қылмыс министрі» деп атап, ұрандатты.
Басып алынған жерлерде соңғы айларда Беньямин Нетаньяхудың қаржы жемқорлығына қарсы көп шеру өтті.
Израиль полициясы осы режим Премьер-министрінің үстінен қаржы және мемлекеттік жемқорлыққа қатысты 4 іс қозғады.
Тегтер