Сирия елшісі: Америкалық әскери ұшақтардың мақсаты Сирияның қорғаныс жүйесін қателестіру болды
(last modified Sat, 25 Jul 2020 12:39:31 GMT )
Шіл 25, 2020 18:39 Asia/Almaty
  • Сирия елшісі: Америкалық әскери ұшақтардың мақсаты Сирияның қорғаныс жүйесін қателестіру болды

Ливандағы Сирия елшісі Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағына кедерге жасаған АҚШ әскери ұшақтарының мақсаты Сирияның қорғаныс жүйесін қателестіру болғанын қуаттады.

 

Бейруттегі Сирия елшісі Әли Абдолкарим жұма күні Al-Alam арнасына берген сұхбатында: «Бұл ойын Сирияның қорғаныс жүйесі мен радарларын қателестіре алмады. Бұл лас әрі қатерлі ойын оны іске асырушылардың өздері үшін теріс нәтиже әкелді.  Осы кезге дейін бұл әскери ұшақтардың америкалық екені анықталды. Бірақ олардың америкалық немесе израильдік болуының айырмашылығы жоқ»,- деді.

Екі америкалық әскери ұшақ бейсенбі күні Сирияның әуе кеңістігінде Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағына кедергі жасады. Бұл әрекеттің салдарынан кейбір жолаушылар  жарақат алды.

 

Тегтер