Айя-София мешітінің ашылуы – Ислам әлемінің мирасына қайта оралу
https://itolqyn.com/news/west_asia-i47672-Айя_София_мешітінің_ашылуы_Ислам_әлемінің_мирасына_қайта_оралу
Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының хатшылығы Айя-София мешітінің ашылуын Ислам әлемінің мирасына қайта оралу және Батыстың мәдени үстемдігімен күресу деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 26, 2020 20:17 Asia/Almaty
  • Айя-София мешітінің ашылуы – Ислам әлемінің мирасына қайта оралу

Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының хатшылығы Айя-София мешітінің ашылуын Ислам әлемінің мирасына қайта оралу және Батыстың мәдени үстемдігімен күресу деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының хатшылығы жексенбі күні мәлімдемесінде: «Крестшілер жорықтарының ең сорақы салдары ислам қоғамдарының еуропалықтар тарапынан басып алынуы болды.  Әл-Ақса мешітін басып алу, оны бұзу және ислам өркениетінің ескерткіштерін өртеу, мұсылмандардың байлықтарын талан-таражға салу, 180 жылға жуық уақыт бойы ондаған мың мұсылманды қырып-жою, ислам жеріне сегіз рет шабуыл жасау сияқты көптеген қылмыстар кресшілердің мойнындағы қара тарихтың бір бөлігі саналады»,-деп мәлімдеді.

Мәлімдемеде айтылғандай, еуропалықтардың кресшілер жорығында ислам әлемінің ауқымды инфрақұрылымдарын бұзып, түрлі қылмыстар жасағанына қарамастан, ислам бұл соғыстарда Батыс өркениетінің ескерткіштерін бұзбағаны былай тұрсын, шіркеулерді сақтап, оларды исламдық ғибадатханаларға айналдырып, мәдени теңгерім қалыптастырып, адамзат өркениетінің сақталуына айтарлықтай септігін тигізді.