Сионистік режим Ливан Хизбулласына хат жіберді
Сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Тель-Авивтің БҰҰ арқылы Ливан Хизбулласына хат жібергенін хабарлады.
Палестинаның SAMA ақпарат агентігінің хабарлауынша, Габи Ашкенази Израильдің Ливан Хизбулласына хатының егжей-тегжейіне тоқталмастан: «Тель-Авив Әли Мохсеннің Дамаскта болғанынан хабарсыз еді»,-деді.
Өткен аптада сионистік режим Дамасктың айналасына әуеден шабуыл жасағанынан кейін Ливан Хизбулласы мәлімдеме жасап: «Осы шабуыл барысында Хизбулла қозғалысының сарбазы Әли Камил Мохсен шәһид болды»,-деп хабарлады.
Өткен күндер барысында кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, сионистік режим армиясы Ливан Хизбулласының бір сарбазы шәһид болуы себебінен осы қозғалыстың қарымта жауабынан қорқып, Ливанмен арадағы шекаралық ауданда әскери күш пен құрал-жабықтар санын арттырды.