Нетаньяху Ливан Хизбулласын сионистік режим үшін шынайы қоқан-лоққы деп атады
Сионистік режимнің Премьер-министрі Хизбулланың Израиль режимінің дүйсенбі күні Ливанның оңтүстігіне шабуылы туралы мәлімдемесіне реакциясында: «Бұл қозғалыстың мәлімдемесі Тель-Авивке шынайы қауіп төніп тұрғанын көрсетеді»,-деді.
Al-Mayadeen ақпарат арнасының хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху бір баспасөз конференциясында режим армиясының кез келген қоқан-лоққыға төтеп беруге дайын екенін айтып: «Хизбулла отпен ойнап отыр»,-деді.
Сионистік режимнің армиясы дүйсенбі күні Ливанның Кфаршуба тауы мен Шебаа шаруашылығына шабуыл жасады.
Осы шабуылдан кейін кейбір сионистік ақпарат құралдары Шебаа шаруашылығында Хизбулла жауынгерлері мен сионистік күштер арасында атыс болғанын хабарлады.
Ливан Хизбулласы да өз мәлімдемесінде сионистік ақпарат құралдарының уәждерін теріске шығарып: «Израиль ақпарат құралдарының басып алынған Палестинаға енуі, қарсыласу күштерінің жаралануы мен шәһид болуы туралы уәждері шындыққа жанаспайды. Бұл тек сионистердің жеңістерін ойдан құру үшін жасалған талпыныс қана»,-деді.