Лаңкестік топтар Сирияда адамның дене мүшелерін контрабандалаумен айналысқан
(last modified Fri, 31 Jul 2020 11:51:11 GMT )
Шіл 31, 2020 17:51 Asia/Almaty
  • Лаңкестік топтар Сирияда адамның дене мүшелерін контрабандалаумен айналысқан

Сирия армиясының жаңа тексерісі бойынша, бұл елдегі лаңкестік топтар жазықсыз адамдарды өлтірумен қоса, олардың дене мүшелерін саудалаумен айналысқан.

Сирия телеарнасының сәрсенбі күні хабарлауынша, ел армиясы Идлиб облысындағы Мара ән-Нааманның шығысын патрульдеу барысында лаңкестік топтарға тиесілі екі штаб-пәтер тауып, онда дене мүшелері салынған көп ыдыс анықтаған.  

Сирияда лаңкестік топтар адамның дене мүшелері, соның ішінде бауыр, жүрек және тіпті көздерін хлороформға салып сақтап, сатуға дайындаған.

 

Тегтер