Ирак армиясының әуе күштері Самаррада ДАИШ-тың позицияларын жойды
(last modified Tue, 04 Aug 2020 14:00:40 GMT )
Там 04, 2020 20:00 Asia/Almaty
  • Ирак армиясының әуе күштері Самаррада ДАИШ-тың позицияларын жойды

Ирактың ортақ амалдар басқармасы осы ел әуе күштерінің Салах-эд-Дин облысындағы Самаррада орналасқан ДАИШ-тың позицияларына шабуыл жасағанын хабарлады.

Ирактың ортақ амалдар басқармасының ақпарат хатшысы Тахсин әл-Хафаджи Ирактың ресми ақпарат агентігіне берген сұхбатында: «Ирак армиясының қырғи ұшақтары сейсенбі күні таңертең Самарра қаласының бір ауданында орналасқан ДАИШ-тың позицияларын бомбалап, оларға тиесілі екі қайықтың көзін жойды»,-деді.

Әл-Хафаджи: «Ирактың федералды полициясы осы елдің солтүстігіндегі Каркукта да ДАИШ-ке тиесілі екі штаб-пәтерді анықтап, жойды»,-деді.

Ирактың ортақ амалдар басқармасы жексенбі күні ДАИШ тобынан қалған лаңкестерге қарсы жаңа стратегия қабылдап, ортақ амалдарды арттыратынын хабарлады.

ДАИШ 2017 жылы қарашада жеңіліс тапқанымен Ирактың кейбір өңірлерінде осы топтың жасырын бөлімшелері арагідік лаңкестік әрекет жасайды.   

Тегтер