Зариф Ливан үкіметі мен халқына көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i47802-Зариф_Ливан_үкіметі_мен_халқына_көңіл_айтты
Иран Сыртқы істер министрі сейсенбі күні кешке Бейрутте болған жарылысқа өкініш білдіріп, Ливан үкіметі мен халқына және қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып: «Осы ірі апатта ирандықтардың жүректері Ливан халқымен бірге»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 05, 2020 16:25 Asia/Almaty
  • Зариф Ливан үкіметі мен халқына көңіл айтты

Иран Сыртқы істер министрі сейсенбі күні кешке Бейрутте болған жарылысқа өкініш білдіріп, Ливан үкіметі мен халқына және қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып: «Осы ірі апатта ирандықтардың жүректері Ливан халқымен бірге»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жеке парақшасында ағылшын және араб тілдерінде: «Иран бұрынғыдай Ливанға кез келген салада көмектесуге дайын»,-деп жазды.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сейіт Аббас Мусави де кеше кешке Бейруттегі жарылыста жүздеген адамның қаза болып, жараланғанына өкініш пен алаңдаушылық білдіріп: «Иран бұл оқиғаға жайлы ақпараттарды қайғыра бақылап отыр»,-деді.