Ливан Президенті: Бейрут жарылысының барлық ықтималды себептері тексеріледі
Там 07, 2020 19:50 Asia/Almaty
Ливан Президенті: «Бейрут жарылысының барлық ықтималды себептері, соның ішінде жарылғыш заттарды сақтаудағы немқұрайлық және шет елдердің араласу ықтималы тексеріледі»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мишель Аун жұма күні онлайн форматта тілшілерге берген сұхбатында: «Тез арада Бейрут жарылысына қатысты әділет орнауы тиіс»,-деді.
Ливан Президенті бүкіл халықтың ашық сот отырысына қатыса алатынын айтып: «Ливан халқы болған оқиғаға қатты ашулы»,-деді.
Мишель Аун: «Бейрут жарылысы Ливан қоршауының жойылуына себеп болды. Жуырда қайта жөндеу жұмыстары басталады»,-деді.
Тегтер