Насролла: Бейрут жарылысы – ірі ұлттық әрі адами апат
(last modified Sat, 08 Aug 2020 11:32:40 GMT )
Там 08, 2020 17:32 Asia/Almaty

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «Бейрут жарылысы – ірі ұлттық әрі адами апат»,-деді.

Сейіт Хасан Насролла жұма күні сөйлеген сөзінде Бейрут жарылысынан кейінгі Ливанның жағдайы туралы: «Бұл оқиға елдің барлық аймақтары мен тайпаларын қиындыққа душар етті. Оның зияны мен шығындары да бүкіл өңірлерге жетті»,-деді.

Насролла Ливанның іші мен сыртындағы кейбір топтар мен ағымдардың Хизбулланы құртуға бағытталған талпыныстарын сынап: «Кейбір саяси топтар Бейрут жарылысының Хизбулланың зымырандар қоймасынан шыққанын мәлімдеді. Алайда Бейрут айлағында Хизбуллаға тиеслі зымырандар мен жарылғыш заттардың болғаны бұрын да, қазір де кесімді түрде теріске шығарылады»,-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «Зерттеулер көрсеткендей, Бейрут айлағында бұл ұйымға тиесілі ешқандай жарылғыш зат жоқ. Мұндай ұстаным білдіру – Ливан халқын Хизбуллаға қарсы арандату»,-деді.

Насролла: «Кейбіреулер жарылысты саяси мақсатта қолданғысы келеді, бірақ Хизбулла қазіргі жағдайды саяси және партиялық есеп айырысуға қолайлы уақыт деп санамайды»,-деді.