Ливандық азамат Al-Arabia арандатушы арнасын қатаң сынады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i47875-Ливандық_азамат_al_arabia_арандатушы_арнасын_қатаң_сынады
Әлеуметтік желілерде таралған видеода ливандық азаматтың Al-Arabia арнасының тілшісіне қатаң жауап бергені көрсетілген.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 11, 2020 18:31 Asia/Almaty

Әлеуметтік желілерде таралған видеода ливандық азаматтың Al-Arabia арнасының тілшісіне қатаң жауап бергені көрсетілген.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Бейрут айлағында жарылыс болғалы бері іріткі салумен айналысып, Хизбуллаға қарсы ақпарат тарата бастаған Al-Arabia саудиялық телеарнасы қаланың әш-Шоһада алаңында ливандық азаматтың қатаң қатынасына ұшырады.

Бір ливандық азамат Al-Arabia камерасының алдына тұра қалғанда тілші Хизбуллаға қарсы ойын айтар деген үмітпен одан сұхбат ала бастады, алайда әлгі азамат: «Сіздер біздің елімізге іріткі салып жатырсыздар. Сіздер ақпарат тарату арқылы біздің ұлттық қауіпсіздігімізді нысанаға алып отырсыздар. Сіздер (Al-Arabia) Ливанға қарсы қастандық жасап жатырсыздар. Сіздерге істеріңізді жалғастыруға рұқсат бермейміз. Бұл жер – азаттық үшін жан қиғандардың алаңы. Біздің Отанымызға қарсы әрекет ететін адамға бұл алаңға кіруге рұқсат жоқ»,-деді.