Хамас пен Исламдық джиһад: БАӘ мен Израильдің келісімі жойылуы тиіс
(last modified Fri, 14 Aug 2020 09:01:14 GMT )
Там 14, 2020 15:01 Asia/Almaty
  • Хамас пен Исламдық джиһад: БАӘ мен Израильдің келісімі жойылуы тиіс

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы мен Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы БАӘ мен сионистік режимнің келісімінің күшін жою қажеттігін қуаттады.

«Әл-Аһд» ақпарат агентігінің жұма күні хабарлауынша, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания мен Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахале телефон арқылы сұхбатта ұлттық бірлікті нығайту арқылы БАӘ мен сионистік режимнің келісіміне қарсы ортақ шаралар жасауға уағдаласты.

Абу-Даби мен Тель-Авивтің қарым-қатынасын қалыптандыру келісімі ресми түрде жарияланғаннан кейін Палестина автономды құрылымы өз елшісін Абу-Дабиден қайтарып алды.