БАӘ мен сионистік режим өзара қарым-қатынасты қалыптандыруға келісті
(last modified Fri, 14 Aug 2020 09:53:17 GMT )
Там 14, 2020 15:53 Asia/Almaty
  • БАӘ мен сионистік режим өзара қарым-қатынасты қалыптандыруға келісті

Дональд Трамптың БАӘ мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынасты қалыптандыру үдерісін жеңілдету үшін жасаған үздіксіз талпыныстарынан кейін қос тарап дипломатиялық қарым-қатынасты толық қалыптандыруға келісті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, сионистік режим  мен БАӘ бейсенбі күні осы тарихи келісім туралы мәлімдеді. Оның негізінде Абу-Даби мен Тель-Авивтің дипломатиялық қарым-қатынасы толығымын қалыпты жағдайға көшетін болады.

Аталған келісім бойынша, БАӘ мен сионистік режимнің делегациялары алдағы апталарда бір-бірімен кездесіп, лаңкестік, қауіпсіздік, инвестиция, тікелей рейс ашу, медицина, энергетика, технология, коммуникация, қоршаған орта мен басқа да салаларға қатысты меморандумға қол қояды.

Келісімнің басқа маңызды тармақтарының бірі – елшілік ашу. Сондай-ақ, БАӘ мен сионистік режим коронавирусқа қарсы дәрі өндіру саласында әріптестік жасайтын болады.