«Қиянат» келісімінің қауіпсіздік саласындағы салдарлары
(last modified Sun, 16 Aug 2020 11:48:12 GMT )
Там 16, 2020 17:48 Asia/Almaty
  • «Қиянат» келісімінің қауіпсіздік саласындағы салдарлары

БАӘ мен сионистік режимнің дипломатиялық ресми байланыстарын қалыптастыру үшін жасаған сатқындық келісімінің қауіпсіздік саласында көптеген салдары болады.

БАӘ мен Израиль мұның алдында да әртүрлі салада байланыста болған. Тіпті Израильдің бір газеті Бениямин Нетаньяхудің өткен екі жылда Абу-Дабиге екі рет жасырын келіп кеткенін жазды.

Дегенмен байланыстың бұл түрінің екі жақ немесе Азияның батыс аймағы үшін қауіпсіздік саласында салдары болмағанымен, енді әшкере болған соң екі жақ пен аймақ үшін аталмыш салада салдарларға ие болады.

Қауіпсіздік саласындағы салдарларының бірі ретінде аймақта экономикалық дамудың үлгісіне айналуды көздейтін БАӘ-нің қатермен бетпе-бет келетінін атауға болады. Экономикалық дамудың негізгі шарты мықты қауіпсіздік.

Осы келісімді жариялағаннан 72 сағаттан кейін Ливиядағы БАӘ-нің елшілігі өртенді.

Ливиядағы наразылар «Қиянат келісіміне» қарсылық білдіріп, Триполидегі Әмірліктің ғимаратына шабуыл жасап, оның бір бөлігіне өрт қойды. Бұл оқиға БАӘ-не қарсы басқа елдерде де қайталануы мүмкін.

БАӘ — Йеменге қарсы соғыстағы Сауд Арабиясы коалициясының негізгі мүшелерінің бірі. Йеменге қарсы Абу-Дабидің қозғалыстары артқан соң өткен жылы осы елдің әл-Фуджайра қаласында жарылыс болды. Сонымен қатар Йемен армиясы мен халықтық комитетінің БАӘ-не қарсы әрекеттері осы елдің қауіпсіздігін нысанаға алғандықтан басшыларының алаңдаушылығына себеп болып, елдің ішінде алауыздықты күшейте түсті. Соның нәтижесінде БӘА Йемендегі әскерилерін шығарып, соғысқа атсалысуын азайтуға шешім қабылдады.  

Сионистік режимнің ислам әлемінің қоғамдық пікірінде жеккөрініштілігі сондай, осы режиммен ресми байланыс қалыптастыру үшін келісім жасау елдің ішінде қауіпсіздік саласында салдарларға ие болуымен қатар тіпті биліктің ішінде алауыздық тудыруы мүмкін.

Бұл тақырыптың өзектілігінің себептерінің бірі мынада: БАӘ сионистік режиммен келісімді Израиль Американың қолдауымен палестиналықтарға қарсы қатігездіктерді шегіне жеткізген кезде жасады. Бұл келісім Израильдің сатқындық әрекеттерін қолдау саналады.
«Қиянат келісімінің» қауіпсіздік саласындағы келесі салдарына палестиналық топтар жүзеге асыратын наразылық әрекеттері жатады.

«Қиянат» келісімнің палестиналықтар үшін ешқандай басымдылығы жоқ.  1978 жылғы Кэмп Дэвид келісімі мен 1974 жылғы «Араб Вади» келісімдерінен айырмашылығы бұл «жерге қарсы бейбітшілік» емес, «бейбітшілікке қарсы бейбітшілік» келісімі. Бұл сәтсіз келісім палестиналықтар үшін шын мәнінде, ортақ арабы болмысқа ие болғанымен өздерін қорғауда араб елдеріне сүйене алмайтыны туралы маңызды жолдау жеткізді.