Хизбулланың бас хатшысы: АҚШ аймақта соғыс отын өршітіп отыр
Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла мұхаррам айының үшінші кешінде сөйлеген сөзінде АҚШ-тың аймақта соғыс отын өршітіп отырғанын айтты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла АҚШ, Батыс елдері мен кейбір араб елдерінің аймақ халықтарының ішкі істеріне араласып жатқанын айтып, америкалықтарға: «Сіздер неге басқа елдердің ішкі істеріне араласуға құқығымыз бар деп ойлап, әділетсіздік жасайсыздар? Ал біз бен басқалардың аймақ елдеріне көмектесуге құқығымыз жоқ деп санайсыздар?»-деді.
Сейіт Хасан Насролла: «АҚШ соғыс ашып, Йемен мен басқа да жерлерде балалардың сүйектерін сындыруға құқығым бар деп санайды. Алайда бірде-бір адам осындай басқыншылықтарды айыптап бір сөз де айта алмайды»,-деді.
Насролла АҚШ-ты әлем халықтары үшін ең үлкен түйткіл және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ең ауыр қатер деп атады.