Кнессетке Нетаньяхудың премьер-министрлігіне тыйым салатын заңның жобасы ұсынылды
Палестинаның ақпарат орталығының хабарлауынша, сионистік «Ma'ariu» газеті сәрсенбіде: «Яир Лапид бастаған сионистік «Ayandeh» партиясы мен Израильдің бұрынғы соғыс министрі Моше Яалон бастаған «Telem» партиясы Кнессетке сыбайлас жемқорлық пен қылмыстық істер бойынша айыпталған кез-келген адамның премьер-министр болуының алдын-алатын заң жобасын ұсынуға талпынуда»,- деп жазды.
Соңғы апталарда Палестинаның басып алынған әртүрлі қалаларының, соның ішінде Тель-Авивтің және басып алынған Құдс тұрғындары Нетаньяхудың саясатына, соның ішінде Батыс жағалауының 30 пайызын басып алу жобасына, коронавируспен күресу сылтауымен қауіпсіздік күштерінің өкілеттіктерін арттыруға және оның жемқорлық істеріне наразылық білдіруде. Израиль полициясы премьер-министрге қарсы үкіметтік және қаржылық сыбайлас жемқорлық туралы төрт іс қозғады.