Стамбұлда Ислам Ынтымақтастық ұйымының 13-ші саммиті өтіп жатыр
Стамбұлда Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 13-ші саммиті өтіп жатыр.
Исламдық Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары бейсенбі күні осы ұйымның Стамбұлдағы 13-ші саммитінің бірінші күні Палестинаны қолдайтындықтарын, исламдық мемлекеттердің қайшылықтарын шешуде және лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресте бірігу қажеттілігін қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани Исламдық Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитінің бірінші күні сөз сөйлегендердің бірі болды.
Иран Президенті бұл саммитте исламдық мемлекеттердің қарым-қатынастарын дамытуды Ислам республикасының басты мәселелерінің бірі деп атап: «Исламдық Ынтымақтастық ұйымындағы әрбір іріткі салу әрекеті нәтижесіз қалады. Исламдық елдер исламның атымен бейбітшілік орнатып, қатыгездікке қарсыласатын әлемдік коалицияның көшбасшысы болып, аймақ пен әлемге тұрақты қауіпсіздік пен адамның жан-жақты құқығын қайтаруы керек",- деп қуаттады.
ИИР Президенті аймақ пен ислам әлемінің мәселелерін келіссөздер мен келісімдер арқылы шешу қажеттілігін қуаттап: «Иран әрқашан исламдық әрі мұсылман елдердің лаңкестік пен Палестинадағы басқыншы сионистік режимге қарсы күресті қолдады»,- деді.
Түркия Президенті Режеп Тайып Эрдоған да аталмыш саммиттің ашылуында лаңкестікпен күресу үшін исламдық орган құруды сұрап: «Осы кезде ислам дұшпандарының діни бүліктері мен арандатушылықтары мұсылмандардың ең маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Сондықтан исламдық мемлекеттердің бірлігі қажет мәселе»,- деді.
Эрдоған ислам әлеміндегі лаңкестік топтардың көбеюіне алаңдаушылық білдіріп: «Батыс соғыс болып жатқан елдерде қауіпсіздік орнатуды көздемейді. Бұл елдердің істеріне араласып, тек мұнай мен басқа да ұлттық байлықтарға қол жеткізгілері келеді.
Исламдық Ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысы Ияд Мадани де Стамбұлдағы саммитте сөйлеген сөзінде ұйым мүшелерінен қайшылықтарды қоюды сұрап: «Кез келген қайшылық пен кез келген екіжақты келіспеушілік Исламдық Ынтымақтастық ұйымына зардап келтіреді»,- деді. Исламдық Ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Палестинаны бұл ұйымның негізгі мәселесі деп атап, палестиналықтардан бірігіп, қиындықтарды жеңуді сұрады. Ол лаңкестікпен күресті, Сирия дағдарысын шешуді, Иракты татуластыруды, АҚШ-тың Суданға қарсы санкцияларының күшін жоюды, Иракта бейбітшілікке жетуді, Йемендегі соғысты тоқтатуды Исламдық Ынтымақтастық ұйымының басты мәселелері деп атады.
Исламдық Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 13-ші саммитті отыздан астам исламдық елдер басшыларының қатысуымен Стамбұлда «Бейбітшілік пен әділет үшін қажет бірлік пен ынтымақтастық» деген ұранмен басталып, жұма күні жалғасты. Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының саммитінен бұрын бұл ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтті.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сол отырыста сөйлеген сөзінде екіжақты келіссөздер арқылы қайшылықтарды шешуді қуаттап: «Таяда Сауд Арабиясы Иран мен Ливанның Хизболласына қарсы ұсынған жоба исламдық ынтымақтастық рухына қайшы әрекет болып, сионистік режиммен жақтасуды білдіреді»,- деді.
Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік негіздері бойынша 1962-ші жылы құрылды. Бұл ұйым 2011-ші жылғы статистика бойынша шамамен 1 миллиард 600 миллион адамды біріктірді. Ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы үш жылда бір рет өтеді.