Башар Асад: АҚШ пен Түркияның мақсаты – Сирияны бөлшектеу
Сирия Президенті АҚШ пен Түркия елдерінің басты мақсатын Сирия үкіметін әлсіретіп, жерін бөлшектеу деп атады.
Сирия Президенті Башар Асад бір ресейлік телеарнаға берген сұхбатында Түркия мен оны қолдайтын елдер, соның ішінде АҚШ пен оның одақтастарының Сирия конституциялық комитетінің жұмысына маңыз бермейтінін айтып: «Олардың қалауы – Сирия үкіметін әлсіретіп, жерін бөлшектеу»,-деді.
Сирия үкіметі мен оған қарсылардың келіссөздерінің үшінші кезеңі 2 ай бұрын Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ-ның бақылауында саяси шешім жолын тауып, Сирияның жаңа конституциясын дайындау мақсатында өткізілді. Сирия конституциялық комитеті 45 мүше, соның ішінде Сирияның азаматтық қоғамы мен 15 қарсы топ өкілдері және Башар Асад үкіметінің өкілдерінен тұрады.