Израиль түрмелеріндегі палестиналық науқас тұтқындардың жағдайы нашар
Палестинаның ресми дереккөздері Израиль режимі түрмелеріндегі палестиналық науқас тұтқындардың нашар жағдайы жайлы хабарлады.
«Палестина Алан» ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, сенбі күні 17 сәуірде Палестиналық тұтқын күніне орай жарияланған палестиналық ресми статистикалық мәліметтер көрсеткендей, 1700 палестиналық науқас тұтқын сионистік режимнің түрмелерінде қамауда жатыр, олардың 25-і обыр ауруына шалдыққан.
Осы мәлімет бойынша, сионистік режимнің қайраткерлері палестиналық науқас тұтқындарға тыныштандыратын дәрі беріп, оларға емделуге рұқсат бермейді.
«Палестиналық тұтқын қозғалысының» статистикалық мәліметтері бойынша, қазіргі таңда 7 мыңнан астам палестиналық сионистік режимнің 22 түрмесі мен изоляторында жатыр.