Насролла: АҚШ-тың сайлауы – демократияны мазақ қылу
Қар 12, 2020 17:26 Asia/Almaty
Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла сәрсенбі күні кешке Шәһид күніне орай сөйлеген сөзінде: «АҚШ сайлауында орын алған жағдай – осы елдің демократиясы үшін абыройсыздық»,-деді.
Сейіт Хасан Насролла АҚШ-тың сайлау нәтижесінің аймаққа ешқандай өзгеріс әкелмейтінін айтып: «Америкалықтардың жалғыз тұрақты да абсолютті басымдығы – Израильді қорғау және оның әскери артықшылығын сақтау»,-деді.
Ол Трамп үкіметін үстемшілдікті ту еткен ең қатігез қылмыскер үкімет деп атап: «Бұл үкімет әлем халықтарына АҚШ-тың қырып-жою, жемқорлық, үстемшілдік пен қылмыстағы шынайы бейнесін көрсетті»,-деді.
Тегтер