БАӘ-нің ислам заңдарындағы ауқымды өзгерістер – халықаралық сионизмнің ықпалы
(last modified Mon, 16 Nov 2020 21:33:49 GMT )
Қар 17, 2020 03:33 Asia/Almaty
  • БАӘ-нің ислам заңдарындағы ауқымды өзгерістер – халықаралық сионизмнің ықпалы

БАӘ үкіметі жаңа шешімде шариғат заңдарына назар аудармай, осы елде жеке бостандықтарды нығайтып жатқанын айтты.

БАӘ-нің ресми ақпарат агентігі елдегі ислам заңдарының кейбіріне ауқымды өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Ол бойынша, неке қимаған жұптар бірге тұра алады, алкогольдік сусындарды тұтынуға қатысты шектеулер азайтылады және намысқа қатысты адам өлтіру қылмыс болып саналмайды.

БАӘ-де жасаған шаралар – айқын парадокс. БАӘ үкіметі бұл шараларды жеке бостандықтарды арттыру сылтауымен жасады. Ал бұл жағдайда осы елдің саяси жүйесі – жартылай авторитарлы. Яғни біріншіден бұл елде халықтың құқығы және саяси белсендігі деген мүлде жоқ. Екіншіден, билік Наһан әулетінің қолында. Халық билеушілердің алмасуына араласпайды. Жалпы мұнда билік сирек ауысады.

БАӘ-де ислам қағидаттарын жою қалыбында орындалып жатқан нәрсе халықаралық сионизмнің БАӘ-дегі билік жүйесіне ықпал ету арқылы жүзеге асырып отырған жобасы секілді.

Бұл жоба өткен қыркүйек айында жүзеге асырылған БАӘ-ның сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыптандыру тақырыбының да тек саяси-қауіпсіздік мәселе емес екенін көрсетті. Керісінше бұл мәселенің мәдени-болмыстық мақсаттары саяси-қауіпсіздік қырларынан әлдеқайда маңыздырақ болып шықты.

Қыркүйек айында БАӘ мен Израиль арасында қарым-қатынасты қалыптандыру туралы келісімге қол қойылғаннан кейін сионистік қалашықтарды жобалаған сәулетшінің БАӘ-де мешіт салғаны туралы,  елде израильдік ауруханалардың салынғаны жайлы және израильдік сәнпаздың  әйел киімдерін жарнамалау үшін сән салонын ашқаны туралы ақпараттар тарады.

Бұл шаралар іс жүзінде БАӘ-де исламдық заңдардың әлсіреуіне алып келеді және Авраам келісімінің жасырын маңызды мақсаттарының барын көрсетеді. Халықаралық сионизмнің басты мақсаты – БАӘ-де исламдық болмысты әлсірету және мазхабты жою. Халықаралық сионизм БАӘ-нің қоғамдық бейнесін түбегейлі өзгеріске ұшыратуға талпынып жатыр.