Бағдадтың Жасыл аймағына жасалған зымыран шабуыл кезінде 1 адам өлді және 5 адам жараланды
(last modified Wed, 18 Nov 2020 12:08:31 GMT )
Қар 18, 2020 18:08 Asia/Almaty

Ирактың Қауіпсіздік ақпарат кеңсесі Бағдадтың Жасыл аймағына жасалған зымыран шабуыл кезінде 1 адамның қаза тапқаны және 5 адамның жараланғанын хабарлады.

 

Соңғы айларда Багдадтағы АҚШ елшілігі мен Ирактағы АҚШ-тың террористік базалары, оның ішінде әл-Таджи мен әл-Балад базалары сан рет зымырандық шабуылдар нысанасына алынды. Ирак халқы мен топтарының көбі америкалық террористік күштердің Ирактан шығуын талап етуде және елдің парламенті бұл күштердің шығу жобасын бекітті.

 

Тегтер