Рухани: Иран Парсы шығанағы маңындағы елдермен бауырластық қарым-қатынаста
ИИР Президенті Теһран мен Доха қарым-қатынасын достық қалыпта даму үстінде деп сипаттап: «Иран Парсы шығанағы маңындағы елдермен бауырластық қарым-қатынасты сақтап, диалог арқылы түсіністікке келуді қалайды»,-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке шейх Тамим бен Хамд Але Санимен телефон арқылы сұхбатында сионистік режимге жол ашып берудің аймақта тынышсыздық пен тұрақсыздықтың туындауына себеп боларын айтып: «Кейбір көршілердің өз қауіпсіздігін қылмыскер сионистік режиммен байланыстыратынына шынымен қайран қаламын. Ал бұл режим – негізі бүкіл аймақ пен ислам елдерінің жауы»,-деп еске салды.
Қатар әмірі аймақтағы кейбір елдердің жауапсыз қатынастарына тоқталып, Иранның Парсы шығанағы маңындағы елдермен барлық салаларда, әсіресе аймақ суларының қауіпсіздігі саласындағы әріптестігінің одан ары дами түсетініне үміт білдірді.