Нетаньяхуға қарсы шеруде бір наразы қаза тапты
Жел 06, 2020 21:55 Asia/Almaty
Ақпарат құралдары Тель-Авивте сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қарсы шеру барысында бір наразының қаза тапқанын хабарлады.
«Иерусалим пост» газетінің хабарлауынша, бұл наразы басып алынған Палестинадағы Facebook компаниясының бөлімшесі директорының 82 жастағы әкесі болып шықты. Сенбі күні кешке Тель-Авив шеруінде Нетаньяхудың жақтастарына тиесілі көлік қағып кеткен осы кісі жарақатының ауырлығынан қаза тапты. Бұл адам апта сайын Нетаньяхуға қарсы шеруге қатысып жүрген екен.
Сенбі күнгі шеру барысында сионистік режимнің полициясы кемінде 20 наразыны ұстады.
Тегтер