Сейед Хасан Насролла: Шәһид Солеймани имам Хомейни мектебінде тәрбиеленген
Ливан Хизболласының Бас хатшысы сардар Қасем Солейманидің мектебінің имам Хомейнидің мектебінен нәр алғанын және Ислам революциясы жетекшісінің ақыл-кеңестері мен қасиетті қорғаныс жылдары тәжірибесіне сүйенгенін қуаттады.
Сейед Хасан Насролла сәрсенбі күні Press TV арнасына берген сұхбатында: «Бұл шәһид әрдайым күрес майданында болған және оның жауынгерлерінің сөздерін тыңдаған, және оның осындай жеке қасиеті оны басқару ісінде ерекше мәртебеге жеткізді. Ирак пен Сирияның қолбасшылары әрдайым шейіт Солеймани ДАИШ тәкфіршілеріне қарсы күресте алғы шепте болды дейтін. Бұл сардардың тағы бір ерекшелігі»,- деді. Сейед Хасан Насролла шәһид Солеймандің Ливанның 33 күндік соғысындағы рөлі туралы: «Қажы Қасемның Ливанда соғыстың алғашқы күндерінен бастап болуы өте маңызды болды. Ол соғыстың соңғы күніне дейін Ливанда қалған»,- деді.