Жел 31, 2020 21:52 Asia/Almaty

Ливан ақпарат құралдары ирандық вакцинаның сыналуын коронавируспен күрес жолындағы ірі қадам және Иранның медицина ғылымы саласындағы қарым-қабілетінің нышаны деп атады.

Ливанның әл-Аһд, ән-Нәшре, әл-Ахбар және әл-Джумхурия ақпарат құралдары Иранда алғаш рет 3 еріктіге отандық вакцинаның егілгенін және ирандық ғалымдардың екінші отандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге дайындалып жатқанын хабарлады. Ливан ақпарат құралдары Иранда 65 мыңға жуық адамның вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге қатысуға ерік білдіруін теңдессіз деп атады. Ливандықтар Иранның осы ірі жетістігін санкция қыспағындағы халықтың өз-өзіне сенімі, талпынысы мен тынбас еңбегінің нәтижесі деп атады.

 

Тегтер