Ирактың астанасындағы екі жарылысты ДАИШ өз мойнына алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i49852-Ирактың_астанасындағы_екі_жарылысты_ДАИШ_өз_мойнына_алды
Кеше Бағдадтың орталығындағы базарда болған шабуылдардан 32 адам қаза тауып, 110 адам жарақат алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 22, 2021 15:45 Asia/Almaty

Кеше Бағдадтың орталығындағы базарда болған шабуылдардан 32 адам қаза тауып, 110 адам жарақат алды.

Кешегі террорлық шабуылдардан кейін Ирак Премьер-министрі қауіпсіздік кеңесінде бірнеше қауіпсіздік қызметкерлерін жұмыстан шығарды. Ирактың басидж (халықты жұмылдыру) ұйымының басшысы да жарылыстарды айыптап: «Иракта террористік актілердің қайталануына жол бермейміз»,- деп қуаттады. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Калибаф бұл адамгершілікке жат әрекетті айыптап, Иранның терроризмге қарсы күресы саласында Иракты қолдайтынын баса айтты. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хатибзаде: «Тәкфирлік терроризм Иракты тағы да нысанаға алды және шетелдік күштердің бұл елдегі орналасуының  жалғасуы үшін сылтау тудыруға талпынуда»,- деді.