Сирияның конституциялық комитетінің бесінші отырысы нәтижесіз аяқталды
(last modified Wed, 03 Feb 2021 13:16:53 GMT )
Ақп 03, 2021 19:16 Asia/Almaty
  • Сирияның конституциялық комитетінің  бесінші отырысы нәтижесіз аяқталды

Сирия конституциялық комитетінің бесінші отырысы 5 күн өткен соң Швейцарияның Женева қаласында белгілі бір нәтижеге жетпей аяқталды.

Сирия дағдарысы төңірегіндегі маңызды мәселелердің бірі - жаңа конституцияны әзірлеу. Сирия Конституциясын өзгерту үкімет қарсыластары тарапынан және  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2254 қарарына сәйкес ұсынылды және 2019 жылдың қараша айынан бастап осыған байланысты келіссөздердің 5 раунды өткізілді. Сирия Конституциясын дайындау жөніндегі кездесулерде 45 адамнан тұратын төрт топ қатысады. Сирияның конституциялық комитеттінің құрамына Сирия үкіметі, үкімет қарсыластары және азаматтық қоғам ұйымдарының әрқайсысынан 15 мүшеден барлығы 45 адам енді. БҰҰ-ның Сирия бойынша жоғары өкілі Гер Петерсон кездесулерге төртінші тарап ретінде қатысады. Келіссөздердің бес кезеңінің өтуіне қарамастан, осы кезге дейін олар сондай алға ілгерлемеді және БҰҰ өкілі келіссөздердің барысына көңілі қалғанын білдірді. Келіссөздердің нәтижесіз болуының әртүрлі себептері бар, бірақ үш фактор маңызды көрінеді. Бірінші фактор - тараптар арасындағы сенімсіздік. Тағы бір маңызды фактор - оппозицияның Сириядағы қазіргі жағдайды ескермеуі, ал үшінші фактор - шетелдік араласу. Шын мәнінде, шетелдік мемлекеттердің қолдауына ие  оппозиция майдандағы сәтсіздіктердің орнын Сирияның жаңа Конституциясын әзірлеу туралы келіссөздерде  өтеуге талпынуда. Сирия конституциялық комитетінің бесінші отырысы 16-17 ақпанға Сочиде Иран, Ресей және Түркия қатысатын отырыс жоспарланып отырған жағдайда сәтсіз аяқталды.  Сирияның Конституциясы туралы  алдағы Сочи саммитінде де бұл елдегі атысты тоқтатуға кепілгер үш ел арасында келісімге қол жеткізілмейді деп болжануда.   

 

 

Тегтер