Иран мен Ирак сот ынтымақтастығы туралы үш меморандумға қол қойды
(last modified Tue, 09 Feb 2021 11:51:00 GMT )
Ақп 09, 2021 17:51 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак сот ынтымақтастығы туралы үш меморандумға қол қойды

Иран мен Ирак сот саласындағы ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойды.

 

Үш меморандумға Иран сот жүйесінің басшысы Ибрахим Раиси    мен Ирак Жоғары сот кеңесінің  басшысы  Фаек Зиданның қатысуымен өткен екі елдің сот жүйесі қызметкерлерінің отырысынан кейін қол қойылды.

ИИР Жоғары сот жүйесінің басшысы мен оның делегациясы сейсенбіде Ирактың сот жетістіктері мұражайын аралады. Бұл көрме өткен ғасырлардағы Ирак сот жүйесінің құрылу тарихын, соның ішінде бірқатар тарихи сот шешімдері жинақталған. Көрменің бір бөлігінде ДАИШ террористік тобының кейбір қылмыстық құралдары да көрсетілген.

Иран Жоғары соты Ирактың Жоғарғы Сот Кеңесінің басшысы  Фаек Зиданның ресми шақыруымен дүйсенбі  кешке Бағдадқа келді.

 

Тегтер