Сирияда халықаралық лаңкестік соғыстың басталғанына он жыл болды
Сирияда лаңкестік топтарға қарсы соғыстың басталғанына он жыл болды. Маңызды сауал мынау: Бұл соғыс неге басталды? Он жыл өткеннен кейін оның қандай салдары бар?
2011 жылы наурыз айында Сирияда басқа араб елдеріндегі сияқты халықтық наразылықтар басталды. Бірақ Сириядағы өзгерістердің айқын айырмашылығы болды. Ол тез арада халықаралық дағдарысқа айналды. Сирия аймақта қарсыласу қозғалысына жақын елдердің қатарында болғандықтан бұл елде билік жүйесін өзгертіп, Батыс Азиядағы бітімшіл ағымдарға жақтас жүйе құру күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатқа жету үшін Сириядағы ішкі наразылықтар ел жүйесінің араб-иврит-батыс-түрік шебінің қолдауына ие лаңкестік топтармен соғысына ұластырылды.
Сирияда наразылықтар мен азаматтық соғыстың басталғанынан он жыл өтсе де, Дамаск жүйесі бұрынғыдай сақталып қалды. Қарсыласу қозғалысы өз күшін әлемнің 80-нен аса елінің азаматтарынан тұратын лаңкестік топтармен күреске жұмсады. Сирия аумағының 90 пайыздан астамы лаңкестік топтардың басқыншылығынан азат етілді.
Бұған қарамастан, осы халықаралық соғыстың ең маңызды қыры – адам тағдыры. Сирия дағдарысы бір адами апаттың қалыптасуына әкеліп соқтырды. 10 жылда Сирияда 380 мың адам өлтіріліп, жүздеген мың адам жараланып, 12 млн-нан аса адам босып кетті.
Қызыл крест ұйымының аймақтық бөлімінің басшысы Фабрицио Карбуни: «Бұл зерттеуде есеңгірететін жайттардың бірі: әрбір 6 сириялықтың бірі, әрбір адамның ата-анасы қаза тапқанын немесе жараланғанын түсіндік. Сондай-ақ сириялықтардың жартысы жанұя мүшелері немесе достарының бірінен айырылды. Соғыс басталғаннан бері 12 мыңға жуық бала қаза тапты немесе жараланды»,-деді.