Израиль әскери ұшақтары Газаны бомбалады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i51320-Израиль_әскери_ұшақтары_Газаны_бомбалады
Сионистік режимнің әскери ұшақтары бүгін, сәрсенбі күні таңертең Газаның оңтүстігінде Палестинаның қарсыласу топтарының позицияларын нысанаға алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 24, 2021 16:33 Asia/Almaty

Сионистік режимнің әскери ұшақтары бүгін, сәрсенбі күні таңертең Газаның оңтүстігінде Палестинаның қарсыласу топтарының позицияларын нысанаға алды.

 

Al-Alam арнасының мәліметінше, шабуылдың  шығындары туралы әлі ешқандай есеп жарияланған жоқ. Басқа жақтан Израиль армиясының ақпарат өкілі Авихай Эдри басып алынған Палестина жерлерінің оңтүстігіндегі Беир-ас-Сабадағы ауданға зымыран атылғанын хабарлады. Зымыран атысы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Беир әс-Саба аймағына жасаған сапарымен сәйкес келді.