Иракта АҚШ-тың екі керуеніне шабуыл жасалды
(last modified Mon, 29 Mar 2021 12:10:08 GMT )
Нау 29, 2021 18:10 Asia/Almaty

Ирак дереккөздері: «Ирактың оңтүстігі мен орталық бөлігінде АҚШ әскерилеріне арналған техникалық жабдықтар тиеген екі керуенге шабуыл жасалды»,-деп хабарлады.

Әлі күнге дейін ешбір адам немесе топ шабуылдарға жауапкершілікті өз мойнына алмады. Соңғы айларда Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларына бара жатқан керуендер жолына бомба қою жиіледі. Бұл керуендер әдетте батыста Сирия шекарасынан немесе оңтүстікте Кувейт шекарасынан Иракқа кіреді.

Ирак халқы мен түрлі топтары америкалық лаңкес күштердің елден шығуын қалайды. Осы елдің Парламенті америкалық күштерді шығару жобасын бекітті.