Хезбулланың бас хатшысы: АҚШ құлдырау алдында тұр
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «АҚШ бұрынғыдай мықты емес, құлдырау алдында тұр. Израиль де қожайынындай ыдырауға қарай бет алды. Иран Ислам революциясының жетекшісі де осындай пікірде»,-деді.
Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла сәрсенбі күні Ливан мұсылмандарының үлемдері ассамблеясының құрылтайшылар кеңесінің төрағасы шейх әл-Қази Ахмад әз-Зинді еске рәсіміне орай сөйлеген сөзінде: «Шейх Ахмад әз-Зин әрдайым Палестинаның арманын қолдап келді және оны жоюға бағытталған барлық талпыныстарға қарсы болды. Палестинаны азат ету жолындағы жалғыз үміт қарсыласу өзегінде»,-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «Қарсыласу өзегі тарихтағы ең ауыр әрі қатерлі кезеңді бастан өткерді, қоқан-лоққыларға қарсы байсалды шаралар атқарды, қарым-қабілетін нығайтты. Израильдіктер қарсыласу өзегінің күш-қуатының артуына алаңдап, соғыс ашамыз деп сес көрсетеді. Бірақ өздері соғыстан қорқады»,-деді.