Сионистік басқыншылар әл-Ақса мешітінде адамдарға шабуыл жасады
(last modified Fri, 23 Apr 2021 11:11:29 GMT )
Сәу 23, 2021 17:11 Asia/Almaty
  • Сионистік басқыншылар әл-Ақса мешітінде адамдарға шабуыл жасады

Сионистік басқыншы күштер әл-Ақса мешітіндегі адамдарды күштеп шығарды.

 

Al Jazeeraның мәліметінше, басқыншы сионистік режимнің әскерилері бейсенбі кешке әл-Ақса мешітіндегі адамдарға шабуыл жасап, олардың кейбіреулерін ұрып-соқты. Кейбір ақпарат көздер де палестиналықтар мен  жаулап алынған Құдстегі Баб әл-Амудқа шабуыл жасаған басқыншылардың күштері арасындағы қақтығыстары туралы хабарлады. Палестина Қызыл Жарты Айының хабарлауынша, қақтығыста кем дегенде 35 палестиналық жарақат алды. Әл-Ақса мешітіне қарсы шабуыл сионистік режимнің еврейлендіруді жалғастыру мен әл-Акса мешітінің исламдық жағдайын өзгерту, сонымен қатар Құдс тұрғындарын осы қасиетті жерді тастап кетуге мәжбүр ету мақсатында жүзеге асырылады.