Сионистік басқыншылар әл-Ақса мешітінде адамдарға шабуыл жасады
Сионистік басқыншы күштер әл-Ақса мешітіндегі адамдарды күштеп шығарды.
Al Jazeeraның мәліметінше, басқыншы сионистік режимнің әскерилері бейсенбі кешке әл-Ақса мешітіндегі адамдарға шабуыл жасап, олардың кейбіреулерін ұрып-соқты. Кейбір ақпарат көздер де палестиналықтар мен жаулап алынған Құдстегі Баб әл-Амудқа шабуыл жасаған басқыншылардың күштері арасындағы қақтығыстары туралы хабарлады. Палестина Қызыл Жарты Айының хабарлауынша, қақтығыста кем дегенде 35 палестиналық жарақат алды. Әл-Ақса мешітіне қарсы шабуыл сионистік режимнің еврейлендіруді жалғастыру мен әл-Акса мешітінің исламдық жағдайын өзгерту, сонымен қатар Құдс тұрғындарын осы қасиетті жерді тастап кетуге мәжбүр ету мақсатында жүзеге асырылады.