Сионистік әскерилердің шабуылынан ондаған палестиналық жараланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i52112-Сионистік_әскерилердің_шабуылынан_ондаған_палестиналық_жараланды
Палестинаның Қызыл жарты ай қоғамы сионистік әскерилермен қақтығыста 12 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 25, 2021 18:40 Asia/Almaty

Палестинаның Қызыл жарты ай қоғамы сионистік әскерилермен қақтығыста 12 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.

«Әл-Аһд» ақпарат арнасының хабарлауынша, Палестинаның Қызыл жарты ай қоғамы жексенбі күні сионистік әскерилердің Құдстың ескі ауданына шабуылы салдарынан 12 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.

Соңғы күндері Құдста тұратын палестиналықтар сионистік әскерилер мен қалашық тұрғындарына бірауыздан наразылық білдіріп, шеруге шықты. Шеру әлі де жалғасуда.

Сионистік әскерилер наразылықты тоқтату үшін палестиналықтарға қарсы оқ, көзден жас ағызатын газ бен шу тудыратын граната қолданды.