ДАИШ лаңкестік тобының кірісі азайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i5236
Жарияланған мәліметтер бойынша ДАИШ тобының кірісі 30 пайызға азайған көрінеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 18, 2016 14:24 Asia/Almaty
  • ДАИШ лаңкестік тобының кірісі азайды

Жарияланған мәліметтер бойынша ДАИШ тобының кірісі 30 пайызға азайған көрінеді.

Пресс ТВ-дің мәліметі бойынша дүйсенбіде жарияланған дағдарысты бақылау мекемесі IHS-тің мәліметі бойынша, ДАИШ лаңкестік тобының 2015-ші жылдың ортасындағы айлық кірісі шамамен 80 миллион долларды құраса, 2016-шы жылдың наурыз айында 56 миллион долларға азайды.

ДАИШ кірістерінің бұл кезеңде азаюына лаңкестік топтың кірістерінің 43 пайызын құрайтын мұнай бағасының төмендеуі себеп болған.

Бұл мерзімде ДАИШ-тың күн сайын сатып отырған мұнайының мөлшері 33 мың баррелден 21 мың баррельге төмендеді.