Палестина топтары сионистік режимге Әл-Ақса мешітіне шабуыл жасау туралы ескертті
(last modified Sat, 08 May 2021 10:14:28 GMT )
Maм 08, 2021 16:14 Asia/Almaty
  • Палестина топтары сионистік режимге Әл-Ақса мешітіне шабуыл жасау туралы ескертті

Палестина топтарының жетекшілері сионистік әскерилердің Әл-Ақса мешіті мен Құдс аймағындағы палестиналық намаз оқушыларға жасаған шабуылынан кейін сионистік режимге: «Израиль көп ұзамай өзінің жабайы әрекетіне жауабын алады»,- деп ескерту жасады.

Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Құдстағы оқиғаларға реакция білдіріп: «Бұл әрекеттерге  үнсіз қалу мүмкін емес, жау әрдайым біздің жауабымызды күтсін»,- деді. Газадағы Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) да мәлімдемесінде: «Дұшпан Құдста оның салдарын білмейтін ақымақтық жасады»,- деп жариялады. Иран да сионистік режимнің Құдске жасаған шабуылын да айыптады.

Сионистік әскерилер мен қалашықтары тұрғындары  жұма күні кешке әл-Ақса мешітінде палестиналықтарға шабуылдап, кем дегенде 205 палестиналықты жаралады.