Құдста қақтығыстар күшеюде
(last modified Mon, 10 May 2021 09:12:40 GMT )
Maм 10, 2021 15:12 Asia/Almaty

Сионист әскерилер бүгін таңертең әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіріп, палестиналық намазхандарды нысанаға алып, қасиетті орынды қоршап алды. Осы уақытқа дейін жүздеген адам жараланды.

Сионист әскерилер бүгін әл-Ақса мешітінің бірнеше қақпасынан кіріп, палестиналықтарды пластикалық оқпен нысанаға алды. Олардың көбінің басы жараланды.

Кеше кешке сионист әскерилердің Шығыс Құдста палестиналықтарға жасаған шабуылында кемінде 14 адам жараланды.

Жұма күні де сионист әскерилер әл-Ақса мешітінде палестиналық намазхандарға шабуыл жасап, кемінде 205 адам жараланды. Сионист әскерилердің сенбі күні басып алынған Құдстың кейбір аудандарына жасаған шабуылында да 90 адам жараланды.