Зариф Сирия Президентімен кездесті
(last modified Thu, 13 May 2021 12:50:55 GMT )
Maм 13, 2021 18:50 Asia/Almaty
  • Зариф Сирия Президентімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Дамаскіде Сирия Президентімен кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Башар Асадпен кездесуінде Сирия үкіметінің президенттік сайлауға дайындықтарына  тоқталып,  ИИР-ның Сириядағы сайлауды қолдайтынын жариялады.

Бұл кездесуде Зариф сионистік режимнің басып алынған жерлердегі және Палестинаның жазықсыз халқына қарсы қылмыстарына сілтеме жасап, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Ислам ынтымақтастық ұйымының   Палестина халқының және қасиетті Құдстың құқықтарын қайтару саласында ынтымақтастық ету  қажеттілігін қуаттады.  

Башар Асад сонымен бірге ИИР-ның ДАИШ-пен күресте Сирияны қолдайтынына ризалығын білдіріп, Сирияның президенттік сайлауы қарсаңындағы және  басып алынған жерлердң қазіргі жағдайындағы сапарды маңызды бағалады.  

 

Тегтер