Сейф әл-Құдс шайқасының ерекшеліктері
Өткен дүйсенбіде басталған Сейф әл-Құдс шайқасы бірнеше ерекшеліктерге ие.
Бұл соғыстың ерекшеліктерінің бірі - оның орын алған жері. Израиль режимі палестиналықтардың Құдстағы үйлерін басып алып, палестиналық жастарға қысым көрсетіп, бұл қылмыстарымен оларды көшіп кетуге мәжбүр еткісі келді. Израиль Құдстың демографиялық, тарихи және табиғи болмысын өзгертіп, қаланы еврейлендіруді күн тәртібіне қойып отыр. Ал палестиналық жастар Израиль әскерилерінің зорлық-зомбылығынан қорықпастан Құдстың, әсіресе әл-Ақса мешітінің палестиналық болмысын қорғауды өз міндеті деп білуде. Құдс мәселесі соғыстың себебі болды. Тағы бір ерекшелігі - Израиль кабинетінің АҚШ үкіметіне Құдстағы зорлық-зомбылықты күшейту арқылы жіберген хабарламасы. Палестиналық маман Рухолла Зад бұл туралы: «Басып алынған жерлерді бір қалыпты етуді көздеген сионистік режимнің билік құрылымында оңшылдықтың кең таралғанын ескере отырып, бұл режим өз ерік-жігерін мәселені екі үкімет негзінше шешуді қуаттап отырған АҚШ Президенті Джо Байденге таңуға талпынуда деген ой туады. Соғыстың тағы бір ерекшелігі - Палестина қарсыласу топтарының тежегіш күші. Палестиналық қарсыласу топтары қысқа уақытта бірнеше рет ондаған зымыранды басып алған жерлерге жаудырды. Бұл мәселе Израильдің «темір күмбезінің» зымырандардың көбін ұстап қала алмауына себеп болды. Бұл әрекеттер палестиналық топтардың тас Интефазасынан зымыранға жетіп қана қоймай, олардың бірнеше минуттың ішінде ондаған зымыранды ату мүмкіндікке жеткендерін көрсетеді.