ХАМАС: Аш-Шати лагерін жаппай қырылуымен басқыншылардың дәрменсіздігі мен жеңілісі анықталды
(last modified Sat, 15 May 2021 10:24:46 GMT )
Maм 15, 2021 16:24 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Аш-Шати лагерін жаппай қырылуымен басқыншылардың дәрменсіздігі мен жеңілісі анықталды

Палестина Исламдық Қарсыласу Қозғалысының (Хамас) саяси бюросының жетекшісі: «Аш-Шати лагеріндегі қырғын сионистік басқыншылардың дәрменсіздігі мен жеңілісін көрсетті»,- деді.

Fars News агенттігінің хабарлауынша,   Исмаил Хание  бүгін, сенбі күні сионистік режимнің Газадағы  аш-Шати  лагеріне жасаған зымырандық шабуылдарына реакция білдіріп: «Бұл қырғын қарсыласудың ұлылығы мен оған адал адамдардың табандылығының алдында   басқыншылардың бастан кешіп отырған тығырықтың қаншалықты екенін көрсетті»,- деп мәлімеді.

Израиль әскери ұшақтары бүгін таңертең Газа қаласының батысындағы аш-Шати босқындар лагерін ескертусіз бомбалап, Абу Хаттаб есімді азаматтың үйін нысанаға алып, екі әйел мен бес бала қаза тапты.

Газадағы Азаматтық қорғаныс ұйымының бүгінгі мәліметі бойынша, Израильдің Газаға бомбалауы басталғаннан бері 139 палестиналық, оның ішінде 39 бала мен 22 әйел қаза тауып, кем дегенде 950 адам жараланды.