Палестина қарсыласу топтары Ислам революциясы жетекшісіне хат жазып, қарсыласу жолын қасиетті Құдс азат етілгенге дейін жалғастыруды қуаттады
(last modified Tue, 18 May 2021 12:23:21 GMT )
Maм 18, 2021 18:23 Asia/Almaty

Сионистік режим Газа секторының тұрғын аймақтарына үрейлі шабуылдарын жалғастыруда. Оларға қарсы Палестина қарсыласу топтары әл-Құдс пен әл-Ақса мешітін қорғап, «Құдс семсері» операцияларын жалғастыруда.

 

Қарсыласу қозғалысы сионистік режимнің агрессиясына қарсы күресті екі маңызды және стратегиялық себеп бойынша жалғастыруға бел буды.

Біріншіден, Израильдің заңсыз режимінің зұлым табиғаты аймақта тұрақсыздық  пен тынышсыздық тудыруды көздейді. Екіншіден, қарсыласу ағымының Палестина халқы мен Құдс тағдырына қатысты ымыралы жоспарларға әсер етуі.

Соңғы жылдарға дейін стратегиялық ұраны «Нілден Евфратқа дейінгі аймаққа үстемдік ету» болған заңсыз режим, енді өзінің елді мекендері мен басып алынған жерлері шеңберінде қоршалған және дәрменсіз болып, көзін өзінің "Темір күмбезіне" тігуде. Осы кезде қарсыласу ағымы зымырандары Тель-Авивтің солтүстік аймақтарын да нысанаға алуға қабілетті. Бұл жауап беру қабілет Құдс шайқасы кезінде сионистік режимге жаңа теңдеу енгізді.

Ислам революциясы  жетекшісі аятолла Хаменеи Құдс күнінде тікелей эфирде теледидар арқылы сөйлеген сөзінде қарсыласу күштерінің сандық және сапалық өсуіне сілтеме жасап, басып алынған жерлердегі күштер теңдігінің ислам әлемінің  мүдделеріне өзгергенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ сионистік режим құлдырап бара жатқанын және осы узурпаторлық режиммен күресудің қисының Палестинаның болашақ саяси жүйесін анықтау үшін Палестина ішіндегі және сыртындағы барлық палестиналықтармен референдум өткізілгенге дейін қарсылықты жалғастыру екенін жариялады.

Осы әділ ұстанымдарға ризалығын білдіріп, дүйсенбі күні бірқатар Палестина қарсыласу топтары мен қозғалыстары аятолла Хаменейге жеке хат жіберіп, Ислам революциясы  жетекшісінің Құдс күнінде сөйлеген сөзі үшін алғыс айтты. Палестинаның халықты азат ету майданы, Фатхе Интифаза қозғалысы, Палестина халықтық күрес майданы және Палестина күштерінің коалициясы да бұл хатта ИИР-ның исламдық елдер арасындағы бірлік пен қарсыласу саласындағы  рөлін қуаттап, Палестина арманының ұмытылмауы бағытындағы шәһид Солейманиді еске алды.

Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы сардар шәһид Қасем Солеймани бұл өзгеріске үлкен рөл атқарып, аймақ дейгейінде сионистік режимнің мүддесіне болған теңдікті толық өзгертті. Ислам революциясының жетекшісі сардар Солеймани шәһид болғаннан кейін сөйлеген сөзінде: «Қазір ислам әлемінде үстемдіктің зорлық-зомбылығына қарсыласу қалыптасқан кез-келген жерде шәһид Солеймани олардың көрінісі мен кодына айналды»,- деді. Сионистердің бүгінгі қорқынышы қарсыласу ағымының «Израиль аймақта әскери басымдыққа ие және бұл режимнің агрессиясына ешкім жауап бере алмайды» деген пікірді өзгерткенін көрсетеді.

Омандық саясаттанушы Джамал әл-Канди қарсыласу рөлінің маңыздылығы туралы: «Сионистік режим исламдық жерлердің қақ ортасында өзінің заңсыз құрылғанын жариялаған кезден бастап, АҚШ-Израиль жоспары АҚШ пен Израиль аймақта тұрақсыздық пен талан-тараж жағдайын тудырып, өздерінің стратегиялық мүдделеріне сәйкес аймақ елдеріндегі қарсыласу ағымдарының алдын алуды және «Ғасыр мәмілесін» іске асыруды көздеді.  Бірақ олар бұл жоспарды жүзеге асыра алмады»,- деді. 

Қазіргі кездегі оқиғалар Израильдің өзінің уәжденуінен және ойлауынан осалдау және бос екенін көрсетеді. Сионистік режимнің соғысқұмар саясаткерлері мен әскерилері қазіргі кезде Палестинаның қарсыласуын жою мүмкін емес түсінді. Бұл жолы қақтығыстың тағдырын сионист әскерилер емес, қарсыласу күштері белгілейді.  Бірқатар қарсыласу топтары мен ағымдарының Ислам революциясы жетекшісіне жазған хаты мен қарсыласу ағымының қасиетті Құдс азат етілгенге дейін өз жолын жалғастыру жігері дәл осы мәселені қуаттайды.

   

 

 

 

 

 

Тегтер