Сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 231 адамға жетті
(last modified Thu, 20 May 2021 11:31:48 GMT )
Maм 20, 2021 17:31 Asia/Almaty

Сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 231 адамға жетті, олардың ішінде 64 бала мен 31 әйел бар.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, осы аралықта 1630 палестиналық, соның ішінде 470 бала мен 310 әйел жараланып, 50 мың адам босып кетті. Сионистік режимнің түрлі аудандарға соңғы шабуылдарында тағы 12 адам шәһид болды.

«Изз-ад-Дин әл-Кассам» батальондары да осы қылмысқа реакциясында Израильдің бірнеше қаласындағы әуе базаларды зымыранмен атқылады.

Исламдық джиһад қозғалысының әскери тармағы «Құдс» батальондары сионистік қылмыстардың жалғасуына реакциясында Тель-Авив,  Ашдод, Ашкелон мен Сдерот қалаларына қарай ондаған зымыран атты.

Сионистік режимнің ақпарат құралдары атысты тоқтату бітімінің ертең түстен кейін басталуы ықтималын айтты. Сионистік режимнің демеушілері Батыс елдері, соның ішінде АҚШ та атысты тоқтату бітімінің жасалуын қалайды.