Сардар Каани «Изз-ад-Дин әл-Кассам» батальондарының қолбасшысына хат жазды
Maм 20, 2021 23:26 Asia/Almaty
Сақшылар корпусы «Құдс» күштерінің қолбасшысы ХАМАС-тың әскери тармағы «Изз-ад-Дин әл-Кассам» батальондарының қолбасшысына хат жазып: «Дұшпанмен күрестің жаңа кезеңі басталды»,-деді.
Сардар Исмаил Каани «Изз-ад-Дин әл-Кассам» батальондарының қолбасшысы Мұхаммед әз-Зейфке хат жолдап: «Құдс жеңіске жетеді. Сіздер өз уағдаларыңызға берік болдыңыздар. Дұшпанға қорқыныш, жеңіліс пен қорлықтың ащы дәмін таттырдыңыздар»,-деп жазды.
Сақшылар корпусы «Құдс» күштерінің қолбасшысы осы хатта: «Палестина халқы бүкіл әлемге өздерінің тірі екенін, жылдар өтсе де, олардың ұмыт қалмауға құқығы барын дәлелдеді»,-деді.
Барлық батальондар мен бригадалардың қатысуымен басталған «Сейф ул-Құдс» амалы дұшпанмен күрестің жаңа кезеңінің басталуына себеп болды.
Тегтер