Газадағы 11 күндік соғыстың нәтижелері
(last modified Fri, 21 May 2021 15:45:05 GMT )
Maм 21, 2021 21:45 Asia/Almaty
  •  Газадағы 11 күндік соғыстың нәтижелері

11 күндік шайқастан кейін Израиль мен Палестина қарсыласу топтары арасында атыс тоқтатылды.

Израиль мен Палестина қарсыласу топтары арасындағы соғыс 10 мамырда басталды. Бүгін, 21 мамырда, кейбір шетелдік ойыншылардың арағайындығымен екі тарап атысты тоқтату туралы келісімге келді. Маңызды сұрақ: бұл соғыстың нәтижесі қандай болды?

Бірінші нәтиже, Палестина қарсыласу топтарының тежегіш күшке  ие болуы дәлелденді. Бұл соғыс қарсыласу топтарының таспен күресуден өтіп, өз зымырандарының қуатымен Израиль армиясы мен инфрақұрылымына соққы бере алатындай мүмкіндікке ие екенін көрсетті. Бұл соғыста Палестина қарсыласу топтары басып алынған жерлерге 4000-нан астам алыс, орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар атқан. Маңызды мәселе - соғыстың алғашқы сағатында жаулап алынған жерлерге 300 ракета атылды, оның 100-і тек бірінші минутта атылды.   Соғыстың екінші нәтижесі – Израильдің қорғаныс жүйесінің осалдықтары әшкереленді. «Темір күмбездің» тиімділігі туралы көптеген үгіт-насихат жүргізген Израиль Палестина қарсыласу зымырандарының 85 пайыздан астамының нысанаға түскенінің куәсі болды. Бұл Израиль режимінің атысты тоқтатуды қабылдауының бір себебі. Шын мәнінде, Израильдің жауынгерлік және далалық күші, әсіресе қорғаныс саласындағы, оның ішінде «Темір күмбез», «Дәуіттің сұңқары», «Патриот» және «Тау» жүйелері саласында  айтарлықтай төмендеді және режим үшін одан әрі соғысты жалғастыру мүмкін болмады. Соғыстың үшінші нәтижесі -  Израиль режимі әскери күштері мен азаматтарының психологиялық проблемалары. Соғыстың ұзаққа созылуы бір жағынан Израиль әскерилерінің рухына, екінші жағынан Израиль бейбіт тұрғындарының өміріне әсер етті. Қарсыласу зымырандарының үздіксіз атылуының салдарынан басып алынған жерлерде қалалық-азаматтық өмір күрделі мәселелерге тап болды. Бұл соғыстың төртінші нәтижесі - Биньямин Нетаньяхудың Израиль күшінің құрылымындағы құлдырауы.