ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Газа көшелеріне шықты
Maм 23, 2021 15:10 Asia/Almaty
Сионистік режимнің Газа секторына жасаған 12 күндік басқыншылығында ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Яхия әс-Сануардың үйі сионистік қырғи ұшақтармен бомбаланды.
Кеше, атысты тоқтату бітімінен екі күн өткен соң Яхия әс-Сануар Газа көшелеріне шықты. Ол бірінші кезекте Изз-ад-Дин әл-Кассам» батальондарының шәһид болған қолбасшыларының бірі Басам Исаның үйіне барып, шәһидтің жанұясымен кездесті.
Сионистік режимнің Соғыс министрі Бани Ганц бұдан бұрын: «ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Яхия әс-Сануар мен Изз-ад-Дин әл-Кассам» батальондарының қолбасшысы Мұхаммед әз-Зейф бұрынғыдай режимнің басты нысанасы саналады»,-деді.
Тегтер