Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Ислам революциясының жетекшісіне құттықтау хатын жолдады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i52794-Палестина_исламдық_джиһад_қозғалысының_бас_хатшысы_Ислам_революциясының_жетекшісіне_құттықтау_хатын_жолдады
Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы сионистік режиммен болған 12 күндік соғыста Палестина қарсыласу қозғалысының жеңіске жеткенінен кейін аятолла Хаменеиге жазған хатында ИИР-ның осы соғыста қолдау көрсеткеніне алғыс айтып, Ислам революциясының жетекшісін Палестина қарсыласу қозғалысының жеңісімен құттықтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 23, 2021 20:00 Asia/Almaty
  • Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Ислам революциясының жетекшісіне құттықтау хатын жолдады

Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы сионистік режиммен болған 12 күндік соғыста Палестина қарсыласу қозғалысының жеңіске жеткенінен кейін аятолла Хаменеиге жазған хатында ИИР-ның осы соғыста қолдау көрсеткеніне алғыс айтып, Ислам революциясының жетекшісін Палестина қарсыласу қозғалысының жеңісімен құттықтады.

Сенбі күні жарияланған Зияд Нахаланың хатында: «Исламдық джиһад қозғалысы мен «Құдс» батальондарының қолбасшылары мен жауынгерлері және өзімнің атымнан мақтанышпен Палестина халқы мен қарсыласу күштерін сионистік дұшпандар мен үстемшілдерге қарсы соғыстағы жеңісімен құттықтаймын»,-делінген.

Зияд Нахала: «Палестина халқы мен қарсыласу күштері әлем мүміндерін қуантқан сахнада дұшпандарды жер жастандырып, сионистік режимнің өрмекші үйінен де әлсіз екенін көрсетті. Осы тарихи сәтте сізге және «Құдс» күштеріндегі бауырларымызға алғыс айтамыз»,-деді.