Сионистік режимнің басшыларын соғыс қылмыскерлері ретінде соттау керек
https://itolqyn.com/news/west_asia-i52896-Сионистік_режимнің_басшыларын_соғыс_қылмыскерлері_ретінде_соттау_керек
Израильдің айуан әрекеттері – геноцид, соғыс қылмыстары, адам құқығына қарсы қылмыс пен адами принциптердің бұзылуының айқын үлгілері. Халықаралық заңдарға сәйкес Израиль басшылары заңмен қудаланып, сотталуы керек.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 27, 2021 18:35 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің басшыларын соғыс қылмыскерлері ретінде соттау керек

Израильдің айуан әрекеттері – геноцид, соғыс қылмыстары, адам құқығына қарсы қылмыс пен адами принциптердің бұзылуының айқын үлгілері. Халықаралық заңдарға сәйкес Израиль басшылары заңмен қудаланып, сотталуы керек.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи Қауіпсіздік  кеңесінің қарулы қақтығыстарда бейбіт адамдарды қорғау тақырыбына арналған отырысында сионистердің басып алынған Палестина жеріндегі қылмыстарын санамалап өтіп: «Израиль режимі жуырдағы Газаға шабуылында халықаралық қылмыстар жасады. Режим басшылары сотталуы керек»,-деді.  

Өткенге көзқарас көрсеткендей, Палестина басып алынған кезден бастап сионистік режимнің мемлекеттік терроризмі қалыптасты. Терроризм мен қылмыс – шын мәнінде сионистік режимнің заңсыз болмысын сақтаудың құралы.

Газадағы соңғы оқиларда осы үдеріс кең ауқымда қайталанды. АҚШ пен Еуропаның кейбір елдерінің Израильдің қылмыстарына қатысты үнсіздік және әрекетсіздік танытуы, оған қолдау көрсетуі салдарынан Қауіпсіздік  кеңесі өз міндетін орындауда жеңіліс тапты, тіпті ұстамды баспасөз мәлімдемесін қабылдап, Газадағы бейбіт тұрғындарға шабуылдарды тоқтатуды талап ете алмады.  

Сионистер шын мәнінде өз мақсаттарын террор арқылы ілгерілетіп жатыр. 1948 жылы 9 сәуірде Дейр-Ясинде халықты жаппай қыру – сионистік режимнің терроризмінің айқын үлгісі. Сол оқиға барысында 56 баланың басы кесіліп, 60 әйел паршаланды. Сионист қылмыскерлер 1976 жылы 22 маусымда Тель-Заатар лагеріне шабуыл жасап, Израильге бағынышты фалангистер бұрын-соңды болмаған  қылмыста бір моншаны қанға толтырды. Бұл шабуылда 2500 палестиналық шәһид болды.  

1982 жылы 15 қыркүйекте сионистер «Сабра» мен «Шатила» лагерьлерінде палестиналықтарды қырып жойды. Бірқатар адамды тірідей ұжымдық зиратқа жерлеп, әйелдерді зорлады. Бұл шабуылда басым бөлігі әйедлер мен балалардан тұратын 4 мың адам шәһид болды.  

Халықаралық ұйымдар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Израиль режимінің қылмыстарына қатысты үнсіздігі және Еуропа елдері басшыларының әрекетсіздігі соғыс қылмыскерлерін қолдаудан басқа ешқандай мағына бермейді.